СҚО-да филармонияны жөндеуге 200 млн. теңге бөлінді (ФОТО)

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда облыстық филармония ғимаратын қалпына келтіруге 200 млн. теңге бағыттады.

«Облыстық филармонияны күрделі жөндеуге 2 ай бұрын кірісті. Негізгі жұмыс орындалды. Шатырдағы жұмыстар толық дерліктей аяқталды, ішкі әрлендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Терезелер мен есіктерді ауыстыру көзделген. Көрермендер залында орындықтар ауыстырылады. 850 жұмсақ кресло орнатылады. Жалпы ғимаратты қалпына келтіруге облыстық бюджеттен 200 млн. теңге бөлінді», - деді СҚО мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының баспасөз-хатшысы Кристина Горбаченко.

Атап өту керек, облыстық филармонияда Петропавлдың 10-нан астам шығармашылық ұжымы бар.