СҚО-да газ баллонының жарылуынан тұрғын үй толығымен қирады

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданына қарасты Ақжан ауылында 30 қаңтар сағат 20.07-де жекеменшік үйде өрт болды, оның соңы газ баллонының (27 л) жарылуына ұласты.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, төтенше жағдайдың салдарынан үй толығымен қирады. Өрт сағат 22.33-те сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға СҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 11 техникасы жұмылдырылды. Күйік шалған 50 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.