СҚО-да газ датчигі егде жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат– Солтүстік Қазақстан облысы Рублевка ауылында газ датчигі үй иесіне қауіп бары туралы дер кезінде ескерткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 80 жастағы әйел адам таңертең пештің түтін шығатын жерін жауып, қайтадан ұйықтап қалған. Бірнеше уақыттан соң оны газ датчигінің дабылы оятты. Ақылды құрылғы әйелді қауіпті газ тарағаны туралы ескерткен.

«Зейнеткер ТЖ қызметшілері үйреткен нұсқаулықты есіне түсіріп, тезірек киініп, терезе мен есіктерді ашып, үйді желдетті. Пештің жапқышын ерте жабу қайғылы оқиғаға әкеп соқтыруы мүмкін еді» , - деп мәлімдеді баспасөз қызметіндегілер.

Әйел адамның үйіне газ датчигі желтоқсан айының басында орнатылған. Жалпы Рублевкадағы 14 жалғыз тұратын зейнеткердің үйіне құтқарушылар тегін газ талдауыш орнатып берген.