Петропавл волонтерлерінің мәліметінше, Анатолий Зарва Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының тұрғыны. 1997 жылы туған жігіт 15 мамыр күні Литвинов, 4 көшесіндегі үйінен шығып, содан қайтып оралмаған.
Хабарсыз кеткен ауылдастарын іздеу үшін бүгін Саумалкөл елді-мекенінің тұрғындары жиналып, полицияға көмектесті. Алайда, әзірге нәтиже жоқ.
Анатолий Зарваның бойы 190-192 см шамасында, шымыр денелі, шашы сұрғылт түсті, қысқа қиылған.
Сол күні үстінде қара-көк күртеше, қою жасыл футболка, көк джинсы шалбар және қара аяқ киім болған.
Жігіт жайында қандай да бір хабары барлар 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 немесе 102 нөміріне қоңырау шала алады.
Естеріңізге салайық, 8 мамыр күні Тайынша ауданының 57 жастағы тұрғыны Сергей Багинский жоғалған еді. Ер адам әлі күнге табылған жоқ.