Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, интервьюерлер халық санағының бірінші кезеңінде 245,5 мың тұрғын және
тұрғын үй емес нысанды аралап шығуы керек болды. Алайда олар жоспарды 100,5 %-ға орындады, яғни 246,8 мың ғимаратты аралаған.
Қазіргі кезде санақ жүргізушілер биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтетін науқанның екінші – негізгі кезеңіне дайындалып жатыр.
Мақсат – тамыз айының соңына дейін облысты тиісті учаскелерге бөлу.
Сондай-ақ облыста санақ жүргізетін персоналды жұмысқа қабылдау басталды. Өңірде халық санағының негізгі кезеңін өткізуге 730 иентервьюер мен нұсқаушы-бақылаушы қажет.
«Облыс тұрғындары арасында халық санағын жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Брифингтер ұйымдастырылып, мемлекеттік статистика орган өкілдері сұхбат берді. Бейнероликтер түсіріліп, әлеуметтік желілерде, БАҚ-та жарияланды. Халық санағының негізгі кезеңін түсіндіру мақсатында жергілікті атқарушы биліктің көмегімен ақпараттық баннерлер орналастырылды. СҚО бойынша олардың саны – 70. Бұдан басқа елді мекендерде 40 мың ақпараттық жадынама тарату жоспарланған», - делінген хабарламада.