СҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM - Алдағы су тасқынына дайындық аясында облыс орталығы мен аудан-аймақтарда қарды шығару, сондай-ақ су бұру арналары мен нөсер кәріз жүйелерін тазарту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шаралар көктемгі қар еруі кезінде су басу қаупін азайтуға бағытталған.
Күн сайын Петропавл қаласында 11 мың текше метрден астам қар шығарылып жатыр. Жұмыстар басталғалы бері облыс бойынша 600 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Қаланың су басу қаупі жоғары шағынаудандарына — Подгора, Береке, Копай жұмысшы кенті және Хромзавод аудандарына ерекше назар аударылып отыр. Қар шығару және аумақтарды тазарту жұмыстары күндіз де, түнде де жүргізіліп жатыр, -делінген хабарамада.
Осыған дейін СҚО-да көктемгі су тасқынына қарсы 13 апаттық бригада құрылғаны туралы жаздық.