Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Жанат Садуақасовтың айтуынша, шара 25 тамыз күні өтеді. Өңірлік кеңес бағдарламасы барысында пленарлық отырыс, панельді сессиялар, көрме, өндіріс және мәдениет нысандарын аралау жоспарланып отыр.
Панельді сессиялар «Агроинвестициялар - аграрлық сектор дамуының мүмкіндіктері», «Жаңартылған энергия - болашақ дамуының перспективалары», «Стратегиялық шетелдік инвесторларды тартуда ҚХА-ның рөлі» тақырыптарында өтеді.
Жиын қорытындысы бойынша меморандумдар мен келісімдерге қол қол қойылмақ.