СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шал ақын ауданының құтқарушылары арнайы «ТРЭКОЛ» техникасымен оқиға орнына жедел жетіп, құтқару операциясын сәтті жүргізді. «Нива», «ВАЗ» және «Ауди» көлігін мінген 6 балықшы қарға кептеліп, өздігінен шыға алмаған.
- Сергеев су қоймасына балық аулауға барған едік. Қарға баттық. Өзіміз шықпақ болып едік, нәтиже болмады. Көмек дер кезінде жетіп, аман-есен алып шықты, - дейді балықшылар.
Құтқарылғандардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.
Бұған дейін СҚО-да көктемгі су тасқыны қарсаңында өзендерде мұз жару жұмысы басталғанын жазған едік. Жалпы, облыстың 7 ауданында 50-ден астам учаскеде жарылыс жұмыстары жоспарланған.