Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – Еңбекмині) Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтікқорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов келтірген мәліметтерге қарағанда, мемлекеттік еңбек инспекторлары тексеру барысында 2019 және 2020 жылдары кәмелетке толмағандарды еңбекке заңсыз тартудың 5 фактісін анықтады және олар бойынша жұмыс берушілер әкімшілік жауапқа тартылды.
Ағымдағы жылы СҚО-да 1 факт анықталды, ол бойынша да заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 2020 жылы «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 136 факт анықталды.
«Бұл фактілер бойынша ақпарат жұмыс берушілерге қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін жергілікті еңбек инспекцияларына берілмеген», – деді Ақмәди Сарбасов.
Талдау көрсеткендей, кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалануға көбінесе жазғы демалыс кезінде рұқсат етіледі. шағын бизнес субъектілерінде, базарлардағы сауда орындарында, көлік жуу орындарында және автокөлік құралдарын жөндеу станцияларында, қоғамдық тамақтану пункттерінде 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар еңбекке тартылған.
«Ең көп таралған бұзушылық - еңбек шартының болмауы»,-деді министрдің орынбасары.
Айта кетейік, үйлестіру кеңесінің отырысына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова, Түркістан және Қарағанды облыстары әкімдерінің орынбасарлары Арман Сәбитов пен Ермек Алпысов, ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк және басқалар қатысты.