СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, өңірде өлген малға арналған 379 қорым бар. Оның кейбірі талапқа сай емес. Осыған байланысты жыл сайын жаңасын салуға және барын жөнге келтіруге бюджеттен қаржы бөлінеді. Былтыр 3 қорым жаңадан салынып, 11-і жөнделді. Биыл осы мақсатқа 51,6 млн теңге жұмсалды. Нәтижесінде 11 салынып, 14-і жаңаланды.
Қаңғыған ит-мысық түрлі ауруды таратуы мүмкін. Биыл 11 айдың ішінде 15 мыңға жуық ит, 500-ге жуық мысық ауланды. Облыс бюджетінен бұл жұмысқа 61 млн теңге бөлінді.
Ветеринар мамандар жетіспеушілігі мәселесі де біртіндеп шешіліп келеді. Биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 8 жас жұмысқа орналасты. Облыс бюджетінен ветеринар мамандығына оқытуға 40 грант берілді. Оның 15-і жоғары оқу орындарына арналған. Мемлекеттік басқару Академиясының филиалында 30 маман біліктілігін арттырды. Тағы 51 адам курстан өтіп, олардың барлығы жұмыспен қамтылды.
Бұған дейін қауіпті жұқпалы аурулардан қорғау үшін СҚО-да 1,8 млн малға, 3 млн 200 мың құсқа вакцина егілгенін айтқан едік.