Мәселен, онкологиялық дертке шалдыққандардың құқығы бұзылған. СҚО прокуратурасының мәліметінше, медициналық ұйымдар Әлеуметтік кодекстің талаптарына қайшы, мүгедектікті анықтау үшін осы санаттағы 100-ден астам азаматты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген.
Қадағалау органының актісінен кейін бұл азаматтарға мүгедектік белгіленді, енді олардың әлеуметтік қолдаудың барлық тиісті түрлерін пайдаланып, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндігі бар.
Заң бұзғаны үшін 2 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.
Бұған дейін мемлекеттік еңбек инспекторлары 28,7 мыңнан астам жұмысшының еңбекақысын алып бергенін жазған едік.