СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 күн бойы тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушылардың жолда жүру ережелерін сақтауын күшейтілген түрде қадағалады.
Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі – қауіпсіздік белбеуін тақпауға қатысты, олардың саны – 435. Сондай-ақ, 256 жүргізуші автокөлікті жүргізу кезінде ұялы телефон қолданған.
«Өкінішке орай, көптеген жүргізушілер өзіне қолайлы болуы үшін жолда жүру ережелерін ескермейді. Алайда жол апаты болған кезде жүргізушіге жолдағы жағдайдан алаңдатқан телефондағы әңгіме де, қауіпсіздік белдігін тақпай өзіне сенімді болуы да маңызды болмайды. Заңның әр нормасы жолда қайғылы жағдайды барынша азайтуға бағытталғанын есте сақтаған жөн», - дейді бұл жөнінде СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.
13 автомобиль иесі көлік құралын заңсыз қайта жабдықтағаны үшін жауапқа тартылды, оның төртеуі – талапқа сәйкес келмейтін ксенон шамдарын орнатқан. Полицейлердің айтуынша, көлікке таққан арзан шамдар қарсы бағыттағы жүргізушінің көзін шағылыстыратынын ескертеді. Дұрысы сертификатталған тауарды таңдап, көлікті қайта жабдықтауды заңмен белгіленген тәртіпте жүргізген жөн.
Көлік жүргізушілері жіберген өрескел құқық бұзушылықтың ең көбі – бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, маневр жасауға қатысты. Бұдан басқа жүргізушілер көше қиылыстары мен өткелдерде жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Ал көлікті басқару құқығынан айырылған 32 жүргізуші соған қарамастан қайта мас күйде рөлге отырған.
Полицейлер барлығы жедел-профилактикалық іс-шара барысында 2 мыңнан астам түрлі құқық бұзушылықты анықтады.