СҚО-да қылмыстық топқа қамқорлық жасаған полиция майоры сотталды

Фото: freepik.com

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы басшысының экс-орынбасары 8 жылға сотталды.

СҚО сотының мәліметінше, майор шешіндегі Ерболат Қаптаевқа ұйымдасқан қылмыстық топқа қамқорлық жасады және бірнеше рет пара алды деген айып тағылды.

2022 жылдан ол Р.Нағұманов есімді бұрын сотталғанмен жақсы араласып, өз қамқорлығына алады, бірнеше рет жауапкершіліктен жалтаруға көмектеседі.

Нағұманов бұған дейін алаяқтық жасағаны үшін, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қылмыс жасағаны үшін істі болған. Қаптаевпен жақсы араласып, алдағы тінту жайында полициядағы «досынан» біліп отырған.

Тергеу барысында майордың пара ретінде ұялы телефон, Haval көлігін алғаны белгілі болды. Ал былтыр Нағұманов ұсталып, Қаптаевқа қарсы куәлік етті. Бірақ кейін ол қысыммен айтқанын мәлімдеді.

Ерболат Қаптаев өз кінәсін мойындаған жоқ. Нәтижесінде бұрынғы полиция майоры кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді және майор шенінен айырды. Қаптаев қылмыстық атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Петропавлда сорғы станциясын жөндеуге арналған қаражатты жымқырған басшы жазасын алғанын жазған едік.