СҚО-да көктемгi егiске қызу дайындық басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - СҚО әкiмдiгi мен Столыпин атындағы Омбы мемлекеттiк аграрлық университеті арасында мамандарды даярлау бойынша меморандумға қол қойылды.

Аталған құжат Петропавлда көктемгi егiс жұмыстарын өткiзуге арналған жиын барысында бекітілді. Жиынға көршiлес Омбы мен Қорған облысының өкiлдерi де қатысты. «Кеңестi ашқан облыс әкiмi Самат Ескендiров Елбасы өз жолдауында жалпы өнiм көлемiн, еңбек өнiмдiлiгiн және егiстiк алқаптарын көбейту арқылы инвестициялардың көлемiн және жаңа технологияларды ұлғайтуға ерекше көңiл бөлгенiн атап өттi. Облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаров биыл ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнiм көлемiн 298 млрд.теңгеге жеткiзу жоспарланып отырғандығын жеткізді. Өсiм 7 пайызды құрамақ»,- делінген облыс әкімдігінің мәліметінде. Кеңесте ғалымдар, серiктестiк басшылары мен мамандар көктемгi науқанды өткiзу бойынша ойларымен бөлiстi. Шара соңында өңiр басшысы Самата Ескендіров айтылған ақыл-кеңестердi ескере отырып, егiс жұмыстарын мейлiнше оңтайлы технологиялардың көмегiмен өткiзуге тапсырды.