СҚО-да қоқыс тастайтын жерден әйел адамның мүрдесі табылды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы қоқыс тастайтын жерден әйел адамның мүрдесі табылды, деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметінен.

«Қызылжар ауданының Бескөл ауылында тұрмыстық қалдықтарды төгетін орын өртенген. Оқиға орнынан әйел адамның күйік шалған денесі табылды, қазір төтенше жағдайдың себептері анықталуда», - делінген хабарламада.

Ресми емес деректер бойынша қайтыс болған 55 жастағы әйел үйінен отын әкелу үшін шыққан.