СҚО-да көлік апатынан ер адам көз жұмды
20:40, 30 Желтоқсан 2017
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылына жақын маңда 2 жеңіл көлік соғысып, салдарынан 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Соқтығысқан көліктердің фотосуреттері әлеуметтік желіге тарап кетті. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі жол апатының өңір аумағында тіркелгенін растап отыр.
«ВАЗ-21140 және Ауди-100 автокөліктері соқтығысқан. Оқиға орнында Есіл ауданының Явленка ауылында тұратын 1978 жылғы «Жигули» көлігінің жүргізушісі көз жұмды. Дәл сол көліктегі тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Күні кеше өңірде күн райы едәуір жылып кеткен болатын. Оған қоса бүгін күні бойы өңірдің біршама бөлігін қою тұман басып, жол көктайғаққа айналған. ІІД тұрғындарды жолда абай болуға шақырды.