Жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.
Куәгерлердің айтуынша, көлік апатына жолдардың дұрыс тазаланбауы себеп болған. Мұз ойықтар көлікті ұшырып жіберген.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 23 қаңтарда шамамен сағат 16.00-де СҚО Қызылжар ауданының "Жезқазған-Петропавл" республикалық маңызы бар автожолында болған. "Peugeot" және "Toyota Camry" автокөліктері соқтығысып қалған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктердің 2 жолаушысы оқиға орнында алған дене жарақаттарынан қайтыс болды. 4 адам медициналық мекемелерге жеткізілді.
Аталған факт "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Автокөліктер мамандандырылған тұраққа қойылды.