Жергілікті билік көмір жұрттың бәріне жететінін, тапшылық әдейі қолдан жасалып отырғанын айтады. Шұбаркөл көмірінің аздаған тапшылығы, шынында болған. Бұл мәселе оң шешімін тауып үлгерді.
ТКШ және энергетика басқармасы баспасөз қызметіндегілер теміржолдарда барлық маркалардың 28 мың тонна көмірі, соның ішінде Шұбаркөл маркалы мың тонна көмір бар екенін алға тартып отыр.
«Нарықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша жеткізіп берушілермен жұмыс істедік. Бұл қатты отынның қажетті қорын жинауға мүмкіндік берді. Қазір көмір тапшылығы жоқ», - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Басқарма берген мәліметтерге қарағанда, СҚО тұрғындарына жылу маусымында 410,8 мың тонна көмір қажет. Соның 409 мың тоннасын өңір тұрғындары алып үлгерген.