СҚО-да коронавирус бойынша жағдай тұрақтанды
13:36, 10 Қаңтар 2022
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусты жұқтырғандар саны төмендеді, өткен тәулікте тек 9 адамнан ғана қауіпті инфекция анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қаңтарда өңірде 9 адамнан ғана коронавирус анықталды. Олардың барлығында да ауру белгілері болған.
КВИ жұқтырғандардың 4-уі – Қызылжар ауданының, 3-еуі – Петропавлдың және екеуі – Есіл ауданының тұрғындары. Қалған аудандарда сырқаттанғандар тіркелген жоқ.
Жалпы қазіргі уақытта облыста ПТР зерттеулер жүргізетін 4 зертхана жұмыс істейді. Пандемия басталғалы өңірде КВИ-ға 564 872 зерттеу жүргізілді. Соның 6,2 %-ында оң нәтиже көрсеткен. Өткен тәулікте ПТР әдісімен 109 зерттеу жүргізілді.
СҚО-да КВИ-ді жұқтырудың 35 047 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 456 жағдай сырттан әкелінген. 27 536 адамда, яғни 78 %-ында ауру белгілері болған.