СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде коронавирус бойынша жағдай әзірге қалыпты. Өткен тәулікте 25 адамда КВИ анықталды. Қазір инфекциялық стационарларда 187 сырқат ем алып жатыр. Олардың 132-сі медициналық оттегіге тәуелді. 25 адамның жағдайы ауыр, жансақтау бөлімшелеріне орналастырылған. Ауырғандардың 99 %-ы – вакциналанбағандар.
Жалпы СҚО-да осы күнге дейін 257 мыңға жуық адам вакцинация курсынан өтті. Емханалардағы екпе кабинеттері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істеп жатыр.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Pfizer вакцинасының бірінші компонентін 6 891 адам алды, толық курстан 4 129 жасөспірім, жүкті және емізулі баласы бар келіншек өтті. Ал ревакцинацияға 37 мыңға жуық адам келген.