СҚО-да коронавирус жұқтырған 47 адамның жағдайы нашар
СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір өңірде коронавируспен ауырғандарға арналған 1200 орын бар. Ол бүгінде 56,3 %-ға жүктелген. Инфекциялық стационарларда 653 адам ем алып жатыр, олардың 47-сінің жағдайы ауыр. Өткен тәулікте үш адам қайтыс болды, осылайша көз жұмғандардың саны 214 адамға жетті.
4 қазандағы жағдай бойынша СҚО-да 72 адамда КВИ анықталды. Жұқтырғандар санынан Петропавлдың үлесі жоғары – 19 адам. Жамбыл, Қызылжар аудандарында 7 адамнан табылса, М.Жұмабаев, Шал ақын аудандарында 6 жағдайдан тіркелген. Қалған аудандарда 5-еуден төмен.Тек Ақжар ауданында ғана бір де бір жағдай тіркелмеген.
Жалпы СҚО-да пандемия басталғалы 24 863 адам коронавирус жұқтырды. Тәуір болғандардың саны – 22 726. Ал ақпан айынан бастап 242 478 адам вакцинацияның бірінші курсынан өтсе, толық екпе алғандардың саны 220 532 адамға жетті.