ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирустан төрт адам қайтыс болды, осылайша қауіпті инфекциядан көз жұмғандар саны өңірде 166-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыста өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың жаңа 76 жағдайы тіркелген. Осылайша, барлық ауырғандар саны 22 820-ға жетті.
Облыста КВИ жұқтырғандарға арналған 1715 орын бар. Бүгінде ол 35,1 %-ға толық. Инфекциялық стационарларда 579 сырқат бар. Ем алып жатқандардың 75-інің халі нашар. Өткен тәулікте 4 адам қайтыс болса, барлық ауырып көз жұмғандардың саны 166-ға жетті.
Ақерке Дәуренбекқызы
Солтүстік Қазақстан облысының тумасымын. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін "журналистика" мамандығы бойынша бітірдім. Бірқатар республикалық телеарналарда тілші болып еңбек еттім. Осы саладағы жалпы еңбек өтілім 20 жыл.