ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 2015 жылы туған бала Covid-19 індетін жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер бала – Петропавл қаласының тұрғыны. Ол провизорлық стационарда әкесімен бірге жатқан. Карантинге шығарар алдында жасалған талдау оң нәтиже берді. Қазір бүлдіршін Петропавл қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды.
Ақерке Дәуренбекқызы
Солтүстік Қазақстан облысының тумасымын. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін "журналистика" мамандығы бойынша бітірдім. Бірқатар республикалық телеарналарда тілші болып еңбек еттім. Осы саладағы жалпы еңбек өтілім 20 жыл.