СҚО-да коронавруспен ауырғандар саны соңғы үш аптада 4,5 есе өсті
СҚО-да коронавирустық инфекцияның таралуы және вакцинация барысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Айманвтың айтуынша, тек соңғы 3 аптаның ішінде сырқаттанғандар саны 4,5 есе өскен.
25 маусым күні өңірдегі инфекциялық стационарларда 630 төсек-орын болып, 167 адам ем алса, бүгінде орын саны 3 есе артқан. Ауырғандар саны да 754-ке жетті.
«Облыста 1715 инфекциялық орын бар. Ол 19 емдеу мекемесінде орналасқан.
44 %-ға қазір толық. Жансақтау бөлімшелерінде орын саны 2,2 есе артып, бүгінде 115-ке жетті. 48 адам жатыр, 42 %-ға толған. 11 адам өмір мен өлім арасында. Тағы 102-сі кез келген уақытта жансақтау бөліміне түсуі мүмкін, олар қазір қарқынды терапияда.
Жалпы СҚО-да инфекциялық стационарлардың толымдылығы республика бойынша жоғары. Бізде ем алып жатқандардың барлығының жағдайы ауыр және аса ауыр. Демікпе, яғни өздігінен дем ала алмау, сатурация 93-тен төмен, өкпенің қабынуы, интоксикация – осындай белгілері болғанда ғана стационарға жатқызамыз. Яғни қазіргі 754 адам өмір үшін күресіп жатыр», - дейді Нұрлан Айманов.
Маманның айтуынша, маусым айының соңына қарай стационарлар тәулігіне 18 адамнан
қабылдап отырса, қазір 92-95 адамға дейін түседі. Тәуір болып шығып жатқандар күніне 45 адамнан аспай отыр.