СҚО-да көшеде жасалатын қылмыстар саны азайды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаев ведомствоның бірінші жартыжылдықтағы қызметінің қорытындысы туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оның ақпараты бойынша, жылдың басынан бері өңірдегі жалпы қылмыстар саны 28,1%-ке азайған. Бұрын істі болған, кәмелетке толмағандар, ішімдік ішкен азаматтардың қоғамдық орындарда, көшелерде жасайтын қылмыстары азайды.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастағы қылмыстар санын төмендету әзірге мүмкін болмай отыр - олардың саны жылдың басынан бері 11-ге жеткен.

«Жылдың басынан бері инспекторлар 984 қорғау ұйғарымын шығарып, соттар құқық бұзушының мінез-құлқына 111 жеке талап белгіледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бергені үшін 940 солтүстікқазақстандық әкімшілік жауапқа тартылды», - деді Қанат Айтбаев.

Мас күйінде жасалған профилактикалық қылмысқа тоқталар болсақ, биыл облыстың полицейлері тиісті заңнаманы бұзған соның ішінде алкогольдік өнімді заңсыз садулаған және жүзеге асырған 6,7 мың фактіні анықтады. Қазір өңірде «маскүнем» дәрежесі бойынша 3,6 мыңнан астам адам мен нашақарлықтан азап шегіп жүрген 620 адам есепте тұр.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды азайту мақсатында ювеналды полиция қызметкерлері жастар көп жиналатын орындарда рейд жүргізіп жатыр.

«Бірінші жартыжылдықта есепке 101 кәмелетке толмаған жастар мен 70 жайсыз отбасы қойылды, 26 адам ата-ана құқығынан айырылса, біреуінің құқығы шектелді. 98 бала СҚО кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, 5 жасөспірім девиантты тәртібі бар балаларға арналған арнайы мектепке орналастырылды», - деді Қанат Айтбаев.

Ювеналды полиция бөлімшелерінің есебінде барлығы 255 жасөсіпірм мен 305 жайсыз отбасы бар.