СҚО-да кран-манипулятордың жүргізушісі жұмыс орнында мерт болды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында 38 жастағы ер адамды тоқ соққан.

Иллюстративное фото: os1.ru

Оқиға 25 тамызда Бескөл ауылында жеке тұрғын үйге кірпіштерді түсіру кезінде болған. Абайсызда автокран-манипулятордың жебесі жоғары кернеулі электр желісіне тиіп кеткен. Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Ал оған көмектеспек болған екінші адам күйік алды.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.

Бұған дейін ШҚО-да мотоцикл тізгініне отырған 13 жастағы қыздың мерт болғанын жазған едік