СҚО-да креативті хабтардың өңірлік желісін дамыту қолға алынды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязево ауылында «Creative IT Center» орталығы салтанатты түрде ашылды. Бұл – СҚО-дағы жетінші аудандық хаб, ол Qyzyljar Creative Center өңірлік хабы желісінің бөлігіне айналмақ. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бапсасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, білім беру мекемелерінің, бизнес құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мектеп оқушылары мен ауданның белсенді жастары қатысты.
Орталық ауылдық елді мекендер тұрғындары арасында креативті индустрияны, цифрлық сауаттылықты және IT-кәсіпкерлікті дамытуға арналған.
Тимирязев ауданында Creative IT Center-дің ашылуы Солтүстік Қазақстан облысының креативті және цифрлық инфрақұрылымын дамыту бойынша жасалған жүйелі жұмыстың нәтижесі. 2026 жылғы 1 наурызға дейін өңірдің барлық аудандарында осындай орталықтарды ашу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылғанын хабарлаған болатынбыз.