«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, бұл күндері ауа температурасының жоғарылауына байланысты қар қарқынды еріп, су басу қаупі жоғарыламақ.
«Наурыз айының үшінші онкүндігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болмақ, ауа температурасы түнде -10,-15, облыстың батысында -18 градус аяз, күндіз -3 градус аяз және 2 градус жылыдан 2, 7 градус жылыға дейін ауытқиды.
Онкүндіктің соңында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Күндіз ауа температурасы 0,-5 градус аязға дейін төмендейді деп болжанған», - дейді облыстық филиал директоры Қымбат Мерғалимова.