СҚО-да күре жолдардың бойына жылы дәретханалар орнатылмақ

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдардың бойына жылы дәретханалар орнатылатыны жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚСолтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшысы Болатбек Айтбаевтың айтуынша,жылы дәретханаларды күре жолдардың бойына орнату жұмыстары биыл басталмақ.Алғашқылары Покровка, Драгомировка, Рощинское, Саумалкөл, Пресновка, Чкалово,Кішкенекөл елді мекендерінің, Булаев, Мамлютка қалаларының және «Жаңажол» мен«Қарақоға» шекара өткізу бекеттерінің жанында тұрғызылады.

«Дәретханалардыинвестициялық қаржыға орнатуды жоспарлап отырмыз. Кейін бұл нысандарды өзқаражатымызға күтіп ұстайтын боламыз», - дейді Болатбек Айтбаев.

Филиал бұған дейін«Көкшетау-Омбы» автожолының Чкалово елді мекенінің маңында «Kaz Way»жол павильонын салатынын айтты. Нысанның ішінде жылы дәретхана мен автобусаялдамасы болмақ.

СҚО-да жол бойындақызмет көрсету нашар дамыған. Мұны өңір басшысы Құмар Ақсақалов талай сынғаалды. Жыл басында өткен жиындардың бірінде облыстағы жол бойында орналасқанқызмет көрсету нысандарының 70% талапқа сай еместігі айтылған еді.

Соңғы жаңалықтар