СҚО-да құтқарушылар адасып кеткен ер адамды тапты
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар ауыл шаруашылығы жұмыстары кезінде далада адасып кеткен ер адамды аман-есен тапты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Ведомство мәліметінше, оқиға Қызыл Октябрь ауылы маңында болған. Ер адам даланың ашық аумағында бағытынан адасып, 112 нөміріне хабарласып, шамамен қай жерде екенін жеткізген.
Шұғыл іздестіру шаралары барысында ТЖМ құтқарушылары оны орман алқабынан тауып алды. Ер адамға медициналық көмек қажет болмағаны атап өтілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға табиғатта серуендеу немесе жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, сапарлары туралы міндетті түрде туыстары мен жақындарына хабарлауды ескертеді.
Айта кетейік, СҚО-да жасөспірім қолдан жасалған қазаншұңқырға батып кетті.