СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 ақпан күні облыста 961 адам ПТР-тест тапсырып, соның 143-інде нәтиже оң болды. Қауіпті вирусты жұқтырғандар саны азайып келеді. Осыдан шамамен екі апта бұрын күнделікті сырқаттанғандар 400-дің үстіне шыққан еді. Мамандар аурушаңдықты «омикрон» штамының таралуымен түсіндірді.
Қазіргі уақытта өңірдің емдеу мекемелерінде 418 адам ем алып жатыр, стационарлар 28 %-ға жүктелген. Карантинде 33 адам, ал жансақтау бөлімшелерінде 23 сырқат бар. Жұқтыру көрсеткіші, әдеттегідей Петропавлда және Жамбыл, Қызылжар, М.Жұмабаев, Тайынша аудандарында жоғары.
Жалпы СҚО-да індет басталғалы 42 940 адам коронавирус жұқтырды, 40 251-і жазылып шықты. Өткен тәулікте бір адам қайтыс болып, өлім-жітім көрсеткіші 473-ке жетті.