СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде 334 адам ПТР-тест тапсырған, солардың 72-сінде нәтиже оң болды. Қазір инфекциялық стационарларда 354 адам ем алып жатыр, емдеу мекемелері 24 %-ға жүктелген. Бұдан басқа 13 адам карантинде және 23 сырқат жансақтау бөлімшелерінде жатыр.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған бір адам көз жұмды, осылайша барлық қайтыс болғандар саны 478-ге жетті.
СҚО-да күнделікті КВИ жұқтырғандар саны бір аптаның ішінде шамамен екі есеге қысқарды. Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Жалпы індет тарағалы 43 617 адам ауырса, соның 41 435-і тәуір болып жазылып шықты.