СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 22 және 23 наурыз күндері өңірде коронавирусты жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелмеді. Өткен тәулікте 159 адам ауырып, ПТР-тест тапсырған, алайда оларда КВИ анықталмады.
Қазіргі уақытта инфекциялық стационарда 45 адам ем алып жатыр, тағы 7 сырқат жансақтау бөлімшесіне орналастырылған.
Жалпы СҚО-да індет басталғалы 44 357 адам COVID-19 жұқтырды. 43 600 адам тәуір болып шықты. Ал 484 сырқаттың ауруы асқынып, қайтыс болды.