СҚО-да қызылша ауруына шалдығудың жаңа дерегі тіркелген жоқ

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 31 адам қызылша дертіне шалдыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Демалыс күндері аймақта ауруға шалдығудың жаңа оқиғалары тіркелген жоқ.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Серікбай Қасмақасовтың айтуынша, 65 пайыз жағдайда бұл дертке 14 жасқа дейінгі балалар шалдыққан. Олардың барлығына жуығы екпе жасау жасына жетпеуіне, медициналық көрсеткіштерге немесе екпеден бас тартуына байланысты екпе алмаған.

«Қызылша дертіне шалдығу көрсеткіші 100 мың тұрғынның 5,6 пайызын құраған. Бұл соңғы 15 жылда орташа көпжылдық көрсеткіштен 3,0 көп болып отыр», - деді С.Қасмақасов.

Ол соңғы жылдары Еуропаның көптеген елдерінде қызылша ауруына шалдығу өсімі байқалғанын қосып өтті.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны қызылшаға қарсы екпе жасаудың аз қамтылуымен байланыстырып отыр. Бұл аталған індетті Қазақстан аумағына кіргізудің және оның егілмеген тұрғындардың арасында тез таралуының жоғары қаупін тудырады. Бізде және Еуропада таралған аурудың штамдары бірдей», - деп атап өтті С.Қасмақасов.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, 1 ақпандағы жағдай бойынша қызылша, қызамық және паротит дертіне қарсы 1500 доза вакцина алынған, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы вакцинаның қосымша көлемін сатып алу мәселесін қарастырып отыр.

Автор: Олеся Жуковень