СҚО-да магистратураға түскендердің тең жартысы шекті балды жинай алмады

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл магистратураға түсуге өтініш бергендердің тең жартысына жуығы шекті 75 балды жинай алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да магистратураға түсуемтихандары аяқталды. Үміткерлер кешенді тестілеуден 10-14 тамыз аралығында өтті.Биыл оқуды жалғастыруға 366 солтүстікқазақстандық тілек білдірген.

Жоғары оқу орны өкілдерінің айтуынша, емтихандыобъективті өткізу үшін металл детекторлары мен ұялы телефон сигналдарын басатынқұралдар қолданылды. Кешенді тест тапсыратын барлық аудиториялар дыбыстық жәнебейнежазбамен жабдықталды. Сонымен қатар, онлайн-трансляция арқылы тестілеуді ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, жұртшылық және «Қызылжар- адалдық алаңы» аймақтық жобалық кеңсесінің өкілдері бақылады.

Магистратураға түсуге өтініш бергендердің 19-ы емтиханғакелмеді. Кешенді тестілеудің талаптарын бұзғаны үшін 17 үміткердің нәтижесіжойылды. Нәтижесінде, 347 үміткердің 27-сі 100-ден жоғары, 138 талапкер 75-тенжоғары балл жинады. Ал өңір бойынша орташа балл 75 балды құрады.

«Жалпы биыл үміткерлердің арасында аса сұранысқа иеболып жатқан мамандықтар бұл – филология, оған 366 талапкердің арасынан 33 адамниет білдірді. Дене шынықтыру мамандығына - 17, тарих және археологияға 14 адамқұжаттарын тапсырды. Ал қалған пәндер бойынша тапсырғандардың орташа саны 7 – 8шамасында», - дейді Қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасары АлмазКенжеғалин.

Соңғы жаңалықтар