СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 мамыр күні Аққайың аудандық полиция бөлімінің кезекші қызметкерлеріне осы аудандағы Дайындық және Ленинское ауылдарының арасындағы алқаптан ер адамның мәйіті табылғандығы туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті.
31 жастағы жігіт бақташы ретінде жұмысқа орналасып, жайылымда ауылдың малын баққан екен. Оған сол күні жай түскені белгілі болды. Салдарынан ер адамның мінген жылқысы да оқиға орнында жан тапсырды.
Осы дерекке қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бұған дейін Оралда екі автокөліктің соқтығысып, 8 жасар баланың зардап шеккенін айтқан едік. БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға таңғы 8.00 шамасында болған. «Рено Логан» автокөлігі мен «Приора» соқтығысып, «Приора» автокөлігінің жүргізушісі мен «Рено Логанда» отырған 8 жасар бала ауруханаға жеткізілді.