СҚО полиция департаменті баспасөз қызметініңхабарлауынша, арнайы жарақтандырылмаған орында суға шомылғаны үшін 36петропавлдық ескерту алды. Олар мұндай жерлерде демалу арқылы өз өмірінқатерге тігеді, өйткені, өзеннің түбі - беймәлім, қатты ағыс және иірімдер болуымүмкін.
«Судағы мас адам – жартылай суға батқан адам» дегенбар. Олар өз өмірін қатерге тігіп қана қоймай, қоғамдық орында басқалардыңмазасын алады. ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 440-бабы бойынша ескертужасалмайды. Айыппұл салынады. Бір жылдың ішінде екі рет қайталанған жағдайда 5тәулікке дейін қамауға алынады», - дейді Петропавл қалалық ПБ жергіліктіполиция қызметі бөлім бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.
Есіл өзеніне және Пестрое көліне рейд барысындамас күйде қоғамдық орында жүрген 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Тәртіп сақшылары мен құтқарушылардың бірлескен іс-шараларының мақсаты – судағықайғылы оқиғалардың алдын алу.