СҚО-да маскүнемдерді сот арқылы мәжбүрлі түрде емделуге жіберіп жатыр

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ішімдікке салынғандар соттың шешімімен мәжбүрлі түрде ем алуға жіберіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаментібаспасөз қызметінің хабарлауынша, жылбасынан Петропавлдың тәртіп сақшыларына ішімдікке салынған туыстарын емдеугекөмектесуге 100-ге жақын өтініш түскен. 29 жағдайда өтініш берушілер туғандарының«енді арақ ішпеймін» деген сөзіне сеніп, қайтып алған. Алайда, маскүнемдерарасында сөзінде тұратындар саусақпен санарлық. Полицейлердің айтуынша, ертеме, кеш пе көмек сұраған өтініш қайта түседі екен.

«Маскүнемдер көп жағдайдаарақтан бас тартуға асықпайды. Облыс орталығында жыл басынан тек 17 адам ғанаішімдікке тәуелділіктен құтылу үшін дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Тағы 32адам наркологиялық орталыққа мәжбүрлі түрде жеткізілді. Ем алған олардың текекеуі ғана медициналық мекемеге қайта түсті. Яғни атқарылып жатқан жұмыстарнәтижесін беріп жатыр. Алайда, қайта ішкілікке салынып кетпеуі үшін адамныңерік-жігері болуы қажет. Сондай-ақ қоршаған ортасы мен достарының да алатынорны маңызды», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлімбастығы Александр Розбах.

Полицейлердің айтуынша, маскүйде бірнеше рет тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандармаскүнем ретінде есепке алынады.

Мәселен, Петропавлдағы Ойқалаауданының 35 жастағы тұрғыны 61 жастағы анасымен тұрады. Ішімдікке салынғаноның не отбасы, не тұрақты жұмысы жоқ. Анасының мазасын, шаңырақтың берекесіналған ер адамға тиісті шаралар қолданылғанымен, нәтиже бермеген. Маскүнемесепке алынып, мәжбүрлі түрде ем алды. Қазір ол спирттік ішімдіктерді татыпалмайды, жұмысқа да орналасыпты.

СҚО-да жыл басынан бері қоғамдықорындарда спирттік ішімдік ішіп, жүргені үшін 7174 адам жауапкершіліккетартылған. 141 адам мәжбүрлі түрде ем алуға жіберілсе, тағы 41-іне қатыстысоттың шешімі жақында заңды күшіне енбек.