СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін Тимирязев аудандық ауруханасына пышақ жарақатымен 2009 жылғы жасөспірім түсті.
«Оң жақ иығынан жарақат алған. Қазір аудандық ауруханада жатыр. Жарасын тікті. Қазір жағдайы тұрақты», - деді баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім еткендей, осы қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін ата-анасының кепілгерлігімен босатылды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
«Құқық бұзушының жасын ескере отырып, полиция қызметкерлері ата-анасын бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жасөспірім профилактикалық есепке алынады. Сондай-ақ, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Бұған дейін СҚО-да зейнеткер жасөспірім қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін 13,5 жылға сотталғанын жазған едік.