СҚО-да мектеп стадионында ер адам жай түсіп, қаза болды

АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - СҚО-да мектеп стадионында ер адамға жай түсіп, мерт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

23 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысының Көкалажар ауылындағы орта мектептің стадионында футбол ойнау кезінде 21 жастағы жігітке найзағай түсіп, ол оқиға орнында жан тапсырды.