Биыл қорытынды аттестациялау тәртібі мектепті бітіру емтихандары және жоғары оқу орындарына түсу болып екіге бөлінді. Білім басқармасының басшысы Шолпан Каринова атап өткендей, биыл барлық түлектер мемлекеттік емтихандарды 29 мамыр мен 9 маусым аралығында тапсырады. Емтихандар мектептерде 5 пән бойынша, соның ішінде 4 міндетті және бір таңдау пәні бойынша өтеді. Түлектер аттестаттарын 10-12 маусым аралығында қолдарына алады. «Биыл 3630 түлек мектеп бітіргелі жатыр. 20 маусым мен 1 шілде аралығында бес пәннен Бірыңғай ұлттық тестілеу өтеді. Қазір ҰБТ-ға құжат тапсыру үшін база жасалынып жатыр. Алдын ала дерек бойынша, түлектердің 60,5%-ы тестілеуден өтеді», - деді Шолпан Каринова.Өңірдегі түлектердің көп бөлігі бесінші пән ретінде биология мен физиканы таңдауда.
«ҰБТ жыл сайын - балалар мен ата-аналардың қиналатын сәті. 12 мамыр - біртұтас ата-аналар жиналысы өтетін күн. Оның мақсаты - мектептерде бақылау кеңесін құру, яғни қоғамдық бақылауды күшейту. Мектептердегі көптеген мәселелерді бақылау кеңестері арқылы шешуге болады», - деп атап өтті өңір басшысы Құмар Ақсақалов.
Биыл «Алтын белгiге» 140 түлек үміткер атанып отыр.
17:53, 10 Мамыр 2017
СҚО-да мектеп түлектері биология мен физика пәндері бойынша емтихандарды таңдауда
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Облыстық әкімдікте мектеп түлектерін емтихандарға дайындау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі СҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.