Аймақта 5 мың шамасында мемлекеттік қызметкер бар екен. Іс жүзінде 4,6 мың қызметкер жұмыспен қамтылған. 388 орын бос тұр.
«Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан кетуінің негізгі себептерінің бірі мамандардың жекеменшік немесе квазимемлекеттік секторларға ауысуы. Өз еркімен жұмыстан кеткендердің көбі төмен жалақы және мөлшерден тыс жүктемеге шағым айтқан»,-дейді Ғалым Тұрсынбаев.