СҚО-да нан бағасы арзандады

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы нан комбинаты әлеуметтік нан бағасын 4 теңгеге арзандатты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Екі ай бұрын астықты аймақта нан бағасы 3 пайызға өскен еді. Қазір бидай бағасы былтырғымен салыстырғанда 10 пайызға өссе де, СҚО-дағы ірі наубайхана нанның көтерме бағасын арзандатты. Ал нан бөлкесі 61 теңгеге сатылуда.

«Петропавл нан-тоқаш комбинаты» ЖШС директоры Ерлан Қайшыбековтің айтуынша, көтерме сауда орындарында нанның құны 54 теңге тұрады. Бағаның түсуіне бірнеше факторлар әсер еткен.

«Әкімшілікпен келісімге келу а рқылы біз нан бағасын түсіру туралы шешім шығардық. Біз - ірі кәсіпорынбыз. Нан - аса қажетті азық-түліктің бірі болғандықтан, оның бағасын өсірмеуге етуге тырысып жатырмыз», - деді Ерлан Қайшыбеков.

Басқа нан мен тоқаш түрлерінің бағасы сол күйінде қалып отыр.

Айта кетейік, СҚО биыл 5,6 тоннадан аса астық жинады. Астық жинау науқаны әлі де жалғасып жатыр.