«Петропавл қаласының орталық алаңында «Армандар ағашы» композициясы, этноауыл мен қолөнер шығармашылығы көрмесi ұйымдастырылды. Мерекелiк шараға СҚО әкiмi Ерiк Сұлтанов барды», делінген хабарламада.
Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты алдында этномәдени бiрлестiктердiң өкiлдерi мереке қонақтарына ұлттық тағамдар ұсынылған Достық дастарханын жайды.
Жақын маңда ұлттық шеберлер өздерiнiң бұйымдарының көрмесiн ұсынды. Өңiр басшысы қолөнер үлгiлерiмен танысты.
Этноауылда Ерiк Сұлтанов театрланған «Тұсау кесу» дәстүрiне қатысты.
Мерекелiк бағдарлама кешке дейiн созылады. Күнi бойы бауырсақ жеу мен ең үздiк наурыз көженi дайындау байқаулары, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар өтедi. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арнайы бағдарламалар ұйымдастырылады.
Алдағы екi күндегi мерекелiк бағдарламалар да қызықты болмақ. «Бауырсақ-фэст» акциясы бойынша меймандардың алдында бауырсақ пiсiрiлiп, қонақтарға таратылады. Бұдан басқа ұлттық киiмдер дефилесi, облыстық киiз үйлер байқауы, өңiрлiк ақындар айтысы, сондай-ақ, ойын-сауық және отбасылық бағдарламалар ұсынылады.