СҚО-да негізгі капиталға бағытталатын жыл сайынғы инвестиция көлемінің артуы 10 жылда орта есеппен 20 пайызды құрады

None
ПЕТРОПАВЛ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ -  Еліміздің инвестициялық қызметі экономикалық өсудің негізгі факторы болып табылады.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің артуы орташа алғанда 10 жылда 20 пайызды құрады. Өткен жылы бұл пайыздық көрсеткіш ақша мөлшерінде 39, 5 миллиард теңгені құраған болатын.

Бұның барлығы жалпы ішкі өнімнің көлемін айтарлықтай арттыруына әкелді. Елбасының тапсырмасымен 2016 жылы Қазақстан жоғары табысты елдердің қатарына кіріп, ІЖӨ адам басына шаққанда 15 мың АҚШ долларына жетуі тиіс.

Облыста «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына 7 мың адам қатысып отыр. Атап айтқанда 1000 адам оқып жатыр, ал 4 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілген.

Шараның іске асуына 2 млрд. теңге қаражат жұмсалды.