СҚО-да он бес жылдың ішінде 33 жалпы білім беретін мектеп салынды

None
ТРОПАВЛ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысында білім саласы тәуелсіздік жылдарының ішінде елеулі өзгерістерге ұшырады. 1995 жылдан бері аймақта 33 жалпы білім беретін мектеп салынды.

Биыл Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Интеллектуалдық мектебінің құрылысы басталды, оны салу 2013 жылы аяқталады.

Облыстық білім беру басқармасының ақпараты бойынша, аймақтағы оқу-тәрбие ұйымдарындағы материалдық-техникалық база нығаю үстінде. Биылғы мерейтойлық жылы бұл сала бойынша мемлекеттік шығындар 1,3 есеге дейін өсіп, 33 миллиард теңгені құрады.

Әлемде балмасы жоқ «Балапан» президенттік бағдарламасы іске асуда, оның аясында облыстағы мектепке дейінгі мекемелер желісі 1,5 есеге дейін өсті. 2015 жылға қарай балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумен толық қамту жоспарланып отыр. Бұл Президент белгілеген мерзімнен 5 жыл ерте орындалмақ.

Облыстың техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде, «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік сала үшін мамандар мен жоғары білікті жұмысшылар даярлануда. Тек соңғы 3 жылдың ішінде олардың саны 22 мың адам болды.

Сонымен бірге педагог мамандығының абыройы мен беделі өсіп келеді. 2008 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы орташа алғанда 2,5 есеге дейін көтерілсе, 2011 жылы - 30 пайызға өсті.