Жүргізілген рейд қорындыларына сәйкес, заңсыз ағаш кесуге байланысты 58 қылмыстық іс қозғалған. Орман браконьерлері 284 текше метр ағашты заңсыз кесіп, мемлекетке 1 млн теңге шығын келтірген. Ағаш кесудің 4 фактісі бойынша кінәлілер анықталмаған.
«Орманды ағынды су арқылы бүлдіру , өндірістік қалдық, орманға қоқыс төгу сияқты 14 жағдай тіркелді. Келтірілген 91,7 мың теңге шығын толығымен өтелді»,-деді орман шаруашылығы бөлімінің бас маманы Айнұр Төлтаева.
Рейд барысында барлығы 262 заңбұзушылық тіркеліп, жалпы сомасы 2 млн теңгені құрайтын 204 әкімшілік айыппұл салынған.