Жүргізілген талдау нәтижесінде облыстың мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде орман заңнамасының бұзу фактілерін анықтады.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, қазіргі қолданыстағы орман өрт сөндіру станциялары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрығының талаптарына сәйкес келмейді, өрт сөндіру станцияларының материалдық-техникалық жарақтандырылуы жеткіліксіз, оның ішінде өрт сөндірушілерді орналастыруға арналған үй-жайлар, жылы гараждар, мамандар, сондай-ақ өрт сөндіру техникасына арналған қажетті жарақтандырулар мен жабдықтар жоқ.
Облыстағы барлық орман мекемелерінде орман өрттерін ерте танудың автоматты жүйесі – «FireWatch» жоқ, арнайы жедел әрекет ету авиациясын сатып алу және орман өрттерін сөндіру, жетуге қиын жерлерде десанттың қонуын қамтамасыз ету үшін тікұшақ алаңдарын орнату бойынша ұсыныстар берілмеген.
Су алуға арналған өрт гидранттары мен су айдындарының жай-күйі мәз емес, минералданған қорғаныш жолақтарын салуда заң бұзушылықтар бар. Халық эвакуациялау жоспарымен таныс емес, өртке қарсы ерікті құралымдар құру бойынша түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз жүргізілген.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыстық бюджеттен арнайы өрт техникасы мен жабдықтарын сатып алуға 296,6 млн теңге, 7 орман шаруашылығына өртті ерте анықтау құрылғыларын сатып алуға 45 млн теңге бөлінді, 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде үш аудан әкімі бар.
Сондай-ақ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы 3,3 млрд теңге сомасына өртке қарсы техниканы сатып алу үшін лизинг беру мәселесі шешіліп жатыр, бұл орман иелерін қолданыстағы нормалар мен нормативтер бойынша өрт машиналарымен және тракторлармен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Петропавлда өртенген тұрғын үйден үш адамның денесі табылғандығын жазған едік.