СҚО-да өрт сөндіру қызметінің бастығы пара алды деген күдікке ілікті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндіру қызметінің бастығы пара алды деген күдікке ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өңірлік Полиция департаментінің Өзіндікқауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, «Төтенше жағдайлар департаментінің Өртсөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ басшысы, азаматтық қорғанысполковнигінің пара алғанын анықтады», - делінген хабарламада.

Ол жекеменшік компания директорынанмемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қою үшін1 200 АҚШ доллары мөлшерінде пара алды деген күдікке іліккен.

Қазір тексеріс жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты соңғы үкімді сот шығарады.