СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде өткен тәулікте 185 адам ПТР-тест тапсырса, соның тек 50-інде коронавирус расталды. Бұл соңғы бірнеше айдан бергі өңірдегі ең төмен көрсеткіш. Қауіпті инфекцияны жұқтырғандардың 37-сі – Петропавл тұрғыны, 13 ауданның тек төртеуінде ғана сырқаттанғандар анықталды. Соның ішінде 6 адам Тайынша ауданында, М.Жұмабаев ауданында 1 адам, Қызылжар ауданында 4 адам және Ақжар ауданында 2 адам ауырған.
Қазіргі уақытта облыстың инфекциялық стационарларында 306 науқас ем алып жатыр, емдеу мекемелері 18 %-ға ғана жүктелген. Жансақтау бөлімшесінде 34 адам жатыр. Өткен тәулікте 1 адам қайтыс болды. Жалпы індет басталғалы СҚО-да 416 адам көз жұмды. Ал КВИ-ды жұқтырғандар саны 34 331 болса, 30 587 адам тәуір болып шықты.